Сабақ №21
Бөлім: | ||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты | ІІ бөлім. ХХ ғасырдағы солтүстік өңірдің Алаш қайраткерлері | |
Күні: | ||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Жұмағали Тілеулин – белгілі қоғам қайраткері | |
Сабақтың мақсаты: | — Жұмағали Тілеулиннің өмір жолын біледі, ұлт үшін жасаған еңбегін анықтай алады; — Қоғамдық-саяси қызметін бағалай біледі. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Білім алушының іс- әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық ахуал туғызады. Қызығушылықты ояту Миға шабуы (суреттер арқылы) Суреттер арқылы тақырыпқа шығады. Сұрақтар: Суретте не көріп тұрсыздар? Суреттегі тұлғалар кімдер болуы мүмкін? Олар не талқылап жатыр? Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырады. | Сыныпта жағымды орта қалыптасады. Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | Мадақтау сөздер | |
Сабақтың ортасы 36 минут | Оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс Топтық жұмыс 1-тапсырма «Данышпан үлгілері» әдісі. Мәтінмен жұмыс істеудің негізгі жолдарын түсіндіреді. Тапсырмаларды орындауға бағыт береді. Жеке жұмыс: 2 — тапсырма «Тұлғаға мінездеме» әдісі Оқушы мәтінді пайдаланып Жұмағали Тілеулинге мінездеме жазуды тапсырады. Мінездеме жазу арқылы тұлғаның саяси қызметіне баға беру тапсырылады. 3 –тапсырма: Жұптық жұмыс: «Көршіңе әңгімелеп бер» Педагог оқушылардың өз ойларын дауыстап айтып беру керектігін айтады. Сұрақ қояды, ойлануға уақыт береді. Содан кейін өз ойларын көршілермен бөлісу керектігін түсіндіреді. Сабақты қорытындылау «Веер» әдісі арқылы қорытынды жасатады. Қағазды веер пішінде бүктеп оқушыларға таратады. | Тапсырмалар: Мәтіннің негізгі жолдары: І топ: Мәтіндегі негізгі ұғымды тауып, оларды алвафиттік ретте жазыңдар Маңызды өмірлік даналық: ІІ топ: Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңдер Иллюстрациялық бейнелеу: ІІІ топ: Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба арқылы бейнелеп көрсетіңіздер Дескриптор: 1.Негізгі ұғымды тауып оларды алфавиттік ретте жазады. 2. Негізгі ойды бір сөйлеммен білдіреді. 3. Негізгі ойын сурет, сызба арқылы бейнелейді. «Тұлғаға мінездеме» Тұлға Мінездеме Жұмағали Тілеулин 1. 2. 3. Оқушылар берілген уақытты пайдаланып, ойланып сұраққа жауап беруге дайындалады. Жаңа тақырып бойынша өзінің түсінгенін көршісіне әңгімелеп айтып береді. Бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. | Өзара бағалау | Ақпараттық мәтін, плакаттар, суреттер |
Мұғалімнің кері байланысы | Кесте Веер қағазы | |||
Сабақтың соңы/ 4 минут | Кері байланыс: Оқу мақсатына қайта оралу | Тақырып бойынша білген және білмеген ақпаратымен бөліседі | ҚБ. Оқушы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасайды | Wordwall сайтына сілтеме: |
Добавить комментарий