Сабақтың мақсаты:
Қайролла Мұқанов өмір жолын біледі, мәтінді талдайды;
Өлкетану қызметін бағалай біледі.
Қайролла Мұқанов
Ашамайлы Керейден бастау алатын әулетке жатады. Оның әкесі Мұқан, атасы Сыздық. Анасы Марғыш ол 3-4 жас болғанда қайтыс болған.[1]
Қ.Мұқановтың құжаттарында туған күні 1932ж. 26-шы қыркүйек деп белгіленген, алайда әжесінің айтуынша, ол 1930 жылы дүниеге келген.
1949ж. Дмитриевка жеті жылдық мектебін бітірді.
1952ж. Октябрь ауданындағы орта мектебін күміс медальмен бітірді.
Алматыдағы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің философия бөлімінде 3 курс оқып, 3-курста тарих факультетіне ауыстырылды.
Қызметі
1958-1959 оқу жылы Хрущев совхозының орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып істеді.
1959ж. Городецкий сегіз жылдық мектебіне директор етіп тағайындалды. Осы қызметте 12 жыл бойы істеді.
1971ж. Солтүстік Қазақстан облыстық оқу бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметте 23 жыл істеді.
1995-2001жж. Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында әдіскер әрі аға оқытушы болып істеді.
2001ж. бастап Облыстық өлкетану мұражайының жанында ғылыми, әдеби, тарихи «Асыл мұра» орталығында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
Қоғам жұмысы
1972-1995жж. үздіксіз Халық ағарту және ғылыми мекемелері жөніндегі Солтүстік Қазақстан профсоюз комитетінің Президиумының мүшесі, облыстық табиғатты қорғау қоғамы Президиумының мүшесі болды.
1992 жылдан бастап облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшесі.
1990-2005жж. облыстық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары болды.
1995 жылдан бастап облыстық Сәбит Мұқанов атындағы әмбебап кітапханадағы өлкетанушылар клубының мүшесі.

1-тапсырма: «ЖИГСО»
- 1-топ: Қайролла Мұқановтың өмірбаянын баяндау
- 2-топ: Қайролла Мұқановтың зерттеген салалары анықтау
- 3-топ: Қайролла Мұқановтың өлкетану қызметін бағалайды.
- Әрбір топ деректерді топта талқылап, өз жанұяларына келіп түсіндіреді.
Жұптық жұмыс
2-тапсырма
Қайролла Мұқановтың тұлғалық роліне баға беріңіздің
Білімі | |
Мамандығы | |
Іс-тәжірибесі | |
Өмірлік ұстанымы | |
Қосымша мәлімет |
Жұптық жұмыс
3-тапсырма «Тарсия»
Оқушылар сұраққа сәйкес жауапты тауып құрастырады. Құрастырғанда геометриялық фигура шығару керек.

Үйге тапсырма
Ғалым Е.А.Бөкетов туралы қосымша деректер тауып, презентация жасау
Кері байланыс
«Менің сабақтағы іс-әрекетім»
-Ғалымның өмірбаянын білдім.
-Ғалымның зерттеген салаларын анықтадым.
-Топқа берілген тапсырмаға белсене қатысып, өз пікірімді еркін білдіре алдым.
