Қоғамда ұлттық зиялы қауым өкілдерінің, саяси қоғам қайраткерлерінің, тіпті ел ішінде танымал болған белгілі қоғам қайраткерлердің есімдері ХХ ғасырдың 20 жылдарының соңынан басталған кеңестік жүйенің арнайы жүргізген саяси іс-шараларының құрбаны болып кете берді. Кеңестік тарих төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арналған қоғамдық саяси қызметтерін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұрғысынан қарастырды, зерттеуге тыйым салды, ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып, тарихи шыңдық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да тарихтың бұл беттерін қайта қарастырып, солтүстік өңірдің тарихи тұлғаларының өмірі мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметтері туралы тарих саласында осы күнге дейін толық, арнайы түрде зерттелмеген тұстарын кешенді түрде ашып көрсету тақырыптың өзектілігі болып отыр.