Құлеке батыр

Сабақтың мақсаты:

-Батыр туралы деректерді оқиды, мәтінді талдайды;
-Батырдың тұлғалық қасиеттерін, ерлігін бағалайды.

Ел айбыны — Құлеке

Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын

Жанымды орай берсе ұлы уайым,

Кеудеме күннің нұры толғандай боп,

Жырлаймын алты Алаштың Абылайын, — деп Мағжан ақын мадақтаған Абылай ханның маңында топтасқан сыртқы жаулардан ел қорғаған ерлер-батырлар, шешен-жыраулар, атақты билер көп болғаны тарихтан белгілі.Еліміздің тарихына, Абылай ханға қатысты жазылған түрлі ғылыми еңбектерде, көркем шығапмаларда Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Наурызбай, Бұқар жырау, басқа да аты белгілі батырлар туралы сөз болады. Бұл орынды да. Дегенмен, осы тұлғалардан кем еңбек етпеген, азаттық үшін жан аямай күрескен, хан санатында жетекші орын алып, сындарлы саясатқа тікелей араласқан, Алаш ісіне ақыл-кеңесін аямаған,бірақ әр түрлі себептермен осы күнге дейін айтылмай жүрген батырлар да аз емес. Сондай Алашқа еңбегі сіңген ерлердің бірі – Құлеке Тәңірбердіұлы.

Құлеке батыр – Абылай ханның сенімді серігі, оң қолы болған тарихи тұлға. Ол батырлығымен бірге өз заманының  көрнекті мемлекет қайраткері болып, Абылайдың елшілік қызметінде атқарған, ел ағасы ретінде де зор беделге ие болған. Кейін де ел жұрты оның аруағын қадір тұтқан. Ол қайтыс болғаннан кейін сүйегі құрметтеліп,  қасиетті Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылған.

Құлеке батырдың ататегіне келсек, былай өрбиді: Атығай ішінде Бәйімбет. Одан Жоламан. Жоламаннан – Дәулетай. Дәулетайдан – Тәңірберді (ел ішінде Тәйірберді деп те жүр, шындығы –Тәңірберді). Тәңірбердіде төрт ұл болыпты. Тілеке, Құлеке, Қожаберген, Ақан-Барақ. Құлекеде алты ұл болған: Бөбеке, Мәңке, Тілеуке (Шал ақын), Шардақ, Қазақбай, Жүсіп.

Құлеке 1710 жылы туып, 1771 жылы қайтыс болған. Ол Абылай ханнан бір жас үлкен, одан он жыл бұрын, 61 жасында дүниеден өткен. Оның 61 жасында дүниеден өткендігін өзінің туған баласы  Тілеукенің  (Шал ақынның) әкесіне жоқтау ретінде айтқан мына өлең жолдары растайды:

Құлеке жиырмада арқар еді,

Отызда би, қырқында дарқан еді.

Кешегі дулап өткен Құлекенің

Алдынан орыс, қазақ тарқап еді.

Алпыс бір мүшел келді мерттей болып,

Өтпедің сол мүшелден серттей болып,

Кешегі дулап жүрген ер Құлеке

Су тиген сөне қалдың өрттей болып!

Тарихи құжаттарда Құлекенің есімі бірінші рет 1742 жылғы тамыз айында кездеседі. Сол 1742 жылдың 23-30 тамыз күндері Орынбор қаласында Орынбор комиссиясының начальнигі, тайный Кенесник сенатор И.И Непюевтің алдында орыс патшаймына адалдығы туралы қазақтың бір топ батырлары мен билері ант берген. Солардың ішінде Құлеке батыр 26 тамыз күні отыз бесінші болып ант беріпті. Қарасай батыр он тоғызыншы болып берген. Яғни, бұл екі батыр бір мезгілде ант беріп, кездескен деуге болады. Бұл №96 құжат «Русско-казахские отношение в ХVІ –ХVІІІ веках» деп аталатын 1961 жылы Алматыда басылып шыққан кітапта (222-бет) берілген.

Бұдан кейінгі жылдары Құлеке батыр орыс үкіметімен жақсы қатынастарда болады. Абылай ханның атынан әлденеше рет елшілікке барады. Орыс үкіметінің ресми құжаттарында оның есімі жиі кездеседі. Олардан Құлеке батырдың өз заманында аса ықпалды, беделді адам болғандығы көрінеді. Құлекенің Орта жүз атынан ант берген 148 би-батырлардың бірі болып, солардың қатарынан орын алуы оның өз заманында ру ішінде үстемдігін жүргізген беделді атқа мінір болғанын танытады. Жазба құжаттарда оны батыр немесе старшина деп атап отырған.

  Шал ақын өзінің бір өлеңінде әкесі Құлекенің атақты батыр болғанын атап өтеді.

Құдай жақсы жаратқан Нұрекені айт,

Елде жақсы бар болса бір-екіні айт.

Атығайда төрт қасқа батыр өткен

Жантелі, Жәпек, Тілеке, Құлекені айт! – деп Атығай ішіндегі атақты төрт батырдың қатарына әкесі Құлекені де қосып атайды.

Бұл батырдың екеуі – Жантелі мен Жәпек Атығайдың Құдайберді, ал Тілеке, Құлекелер – Бәйімбет атасынан. Тілеке мен Құлеке – бір туысқан ағалы-інілі бауырлар. Тілеке Құлекеден он жастай үлкен болса керек. Ол Жантелі, Жәпек батырлармен тұстас екен.Тілеке – Әбілмәмбет ханның тұсында жасаған атақты батырлардың бірі.

Құлеке – Атығай руының рубасы, атқамінерлерінің бірі. Ол өмір бойы дерлік Абылайдың қол астында, хан ордасында қызмет атқарады. Ол кезде Орта жүз ханы Әбілмәмбет Түркістанда тұрады да, Абылай сұлтан Көкшетауда болып, Құлеке тағы басқалар оның тапсырмасын орындаушылар болады. Осыған байланысты олардың есімі Орта жүз хандығына, Абылай әкімшілігне қатысы бар Ресей шекара комиссиясымен жазысқан қатынас қағаздарда, ресми құжаттарда жиі кездеседі. Ресми құжаттарда Құлекенің есімі 12 рет кездеседі. Олар № 93, 205, 233, 236, 237, 240, 247, 251 , 257, 262, 267 санды құжаттар. Бұл документтер (кұжаттар) 1742 жылдын тамыз айынан 1765 жылдын каңтар айына дейiнгi уакыт ішінде хатка түскен. Осы документтерге қараганда Кұлеке батыр 1742 жыл дан 1765 жылдың қаңтарына дейін — 24 жыл бойы Абылай ордасымен тығыз байланысты болып, кызмет көрсетеді. Абылай оны әр түрлі ұсак нәрселерден бастап, ел дауын, кiсi кұнын шешуге, тіпті шекара комиссиясына катысты саяси мәселелерге дейін жұмсап отырған. Мысалы, Абылай жоғалған аттарын iздетіп оны Ойыл әскери линиясына, Ертiстiн iшкi жағына мал жаю үшiн рұксат сұратып сырткы iстер коллегиясына және азық — түлік әкелу үшiн Святой Петр қорғанына жiбердi

(«Казахско — русские отношения в XVI XVIII в.в.» 620, 623, 660 — беттер). Кейде Абылай Кұлекені Кұлсарымен бірге саяси мәні бар ресми істердi бiтiрiп келуi үшiн өз атынан жұмсап отырган. 1753 жылы наурыз айында Абылай Құлсары,  Құлеке батырларды жоңғар шап қыншыларына қарсы көмек сұрауга Орта жүз Атыгай руының атынан Троицк корганына елшiлiкке жiбереді ( Сонда , 675 бет ) . Сол жылғы сәуiрдiн 19 — ында жазылған документте Құ леке батырдың сол жылдың жазында Абылайдың орнына Троицк корганына немесе Орынбор қаласына баратыны жайында келісім бергені айтылған (Сонда, 614 — бет). Ресейдiн сыртқы істер алкасының Орынбор губернаторы А.Давыдовқа 1760 жылғы 18 шілдеде берген жарлыгында Кұлеке батырдың қазақ iшiнде аса атакты, беделді адам екендiгi айтылып, онымен жаксы катынаста тұру керектігі, лайыкты сый көрсетiлуi кажеттiгi ескертiледi. Аталған кітаптағы («Русско — казахские отношения …») 240 документте «өте кұпия» деген айдармен Ф.Гордеев деген аудармашының Троицк бекiнiсiнiн коменданты П. Роденге Абылай сұлтаннын ордасына Орта жуз қазақтарының Қытаймен қарым — катынасын байқауға барғаны туралы 1761 жылдың 3 шілдесінде жазған рапорты берілген. Енді әлгі рапортты сол қалпында орыс тілінде келтірейік :

« Первое. По отправлении от Вашего высокородия минувшего мая от 26 — го числа, июня 22 — го дня к Абылай султану я прибыл и письмо Вашего высокородия ему, Абылаю, отдал. которое того ж дня при собрании довольного числа киргизов и при мне через ево, Аблаева, писаря прочтено, которой, как тем письмом и присылкою меня был доволен. Посланные ж со мною к старшинам Кулсаре и Кулеке батырами Вашего высокородия письма им персонально не вручен затем, что до прибытия моего к ним за десять дней уехали они из домов своих во отдаленные крайние Среднего же орды Аблаева владения, кочующие близ границы калмыцкой в пусте оставшей землицы киргиз — кайсацкие улусы для разбирательства учинившегося между двух киргизцов смертного убийства » ( Сонда, 620 — бет ) . Бұл кұжаттан Құлекенін орыс чиновниктерiнiң алдында беделдi екенін көремiз және оның орыс тілін бірсыдырғы бiлгенi де анық . Кұлекенін Ресей үкiметiне беделді екенiн Сiбiр әскерлерінің командирі генерал — поручик И. Шпрингердiн сырткы iстер алқасына 1764 жылғы 16 қарашада жазган мына рапортынан да көреміз. « … в 1761-1764 г.г. Султану Абылаю ежегодно только из крепости святого Петра отпускалось 212 пудов зерна, муки, хлеба. Его брату султану Юлбарсу , батырам Кулсары и Куляки за это же время выдавалось по 100 пудов в год » ( В.Я. Басин . Россия и казахские ханства в XVI — XVIII в.в. — Алма — Ата , 1971 г. — Cmp . 204 ). Кұлекенiн есiмi соңғы рет 1765 жылдың қаңтарында жа зылган «Сырткы істер алқасының қазақтарга астык сату жөнiндегi жұмысының көшiрмесiнде» аталады . Бұдан кейін рес ми документтерде Кұлеке туралы ешбір дерек жок. Кұлеке батырдың ата — бабалары бұрын Сыр бойында тұрса керек .

 « Ақтабан шұбырынды …» кезінде халык босып көшкенде олар да кешiп, осы күнгi Ақмола облысына қарасты Азат станциясынын маңына орналасыпты. Кұлекенін атақты ұлы Тілеуке ( Шал акын ) сонда 1748 жылы дүниеге келген. Болашақ акын ес бiлiп, ержетiп қалған шағында Бәйімбет, Кұдайбердi тайпалары Есіл бойына коныс аударады. Бұл жерді мекендеген естектермен соғыста Кұлекенін ағасы Тілеке қаза табады. Алайда, осында көшіп келген казактар өздерiнiн басшысы Кұлеке батырдың кайраты арқасында естектерді Есілден ығыстырып шығарады. Естектердiн Шуда, Бағанаты, Сарыбұлақ есiмдi үш батырын Құлекенің жекпе — жекте өлтіргені туралы тараған аңызды осы күнге дейін көнекөз қариялар айтып отырады. Ал елiмiздiң белгiлi халық ақыны Ахметжан Нұртазин былай жырлаған:

Сарыбұлақ , Шуда менен Бағанаты,

Естектің батыры екен шыққан аты.

Соғысып, сойылдасып берілместен,

Белдеуден босамапты байлаулы аты.

Тілеке сол урыста қаза тапты,

Кұлеке ашуменен ерттеді атты.

Өлтіріп Бағанаты, Сарыбұлақты

Ағасы Тілекенің кегін апты.

Бұл окиғаның дәл қай жылы болғаны белгiсiз. Ахаңның шамалауынша, бұл 1750-1760 жылдардың шамасы, өйткені « Ақтабан шұбырындыдан кейін Бәйімбет тайпасы Көкшетау маңында 25 жылдай тұрған екен. Содан соң Есілге келiптi. Бұл есеп шыңдыкка келеді . Орыс үкіметінін ресми документтерiнен Кұлеке батырдың ауылы 1761 жылы Есіл бойында кешіп жүргенін білеміз . Алайда Кұлекелердің бұл жердi накты қашаннан бері иемденгенін дөп басып айту қиын. Кұлеке кайтыс болғасын Есіл өзенінің жағасындағы Аютас деген жерге койылады. Ол өзі дүние салар алдында денесін Түркістанға, ханнын, әулие — әмбиелердін қасына апарып жерлеуді өсиет еткен көрінеді. Соңынан сонау алыстағы Түркістанға Бетпақдаланы басып өтіп, жылкы терісіне оралған мәйітті бірнеше салт атпен айшылык жол жүріп, атақты Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне апарып, жер — ананың кұшағына тапсырған баласы Тілеуке ( Шал акын ) екен. Сөйтіп, ол әке өсиетін бұлжытпай орындап, перзенттік борышын риясыз аткарыпты. Оның бейітінің басында ескерткіш кұлпытасы осы күнге дейін сақталыпты. Ол туралы Құлеке батырдың жетінші ұрпағы, Қазақстан Ұлттык Ғылым академиясының академигі Аманжол Кошанов ана бір жылдары әкесі Қошан маркұммен арнайы барып, Түркістандағы Кожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі Құлеке бабасының қабірінің басына зиярат жасап қайтқандарын айтқан болатын.

  • Құлсары батыр туралы не білеміз?
  • Құлсары батырдың ерекше қасиеттерін атаңдар?
  • Құлсары батыр қандай ерліктер жасады?

1-тапсырма: «Ойлан, жұптас, бөліс»

  • Батыр өмірінің негізгі кезеңдерін анықтайды; Батырдың 3 қасиетін анықтайды;
  • Батырдың ерлігін айғақтайтын 3 дәлел келтіреді.
ӨмірбаяныҚасиеттеріЕрліктері
1.
2.
3.
1.
2.
3.

Жеке жұмыс:

2-тапсырма «ПТМС» әдісі

  • Позиция (Мен ………….ойлаймын.)
  • Түсіндіру (себебі ……………………..)
  • Мысалы (мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын…………..)
  • Салдар (айтылған мәселе бойынша мынадай қорытынды жасаймын)

«Еркін микрофон»

Оқушылар кезектесіп микрофонды алып, сыныптастарына бес сұрақтан қояды.