Смағұл Сәдуақасұлы

Сабақтың мақсаты:

— Смағұл Сәдуақасовтың өмір жолын біледі, ұлт үшін жасаған еңбегін анықтай алады;
-Қоғамдық-саяси қызметін бағалай біледі.

Халықтың ақсұңқары – Смағұл Сәдуақасұлы

Кеңестік ресми тарих елемей келген ,аты сөз        етілсе,бірыңғай мансұқталған Алаш арасының бірі ірі саясат қайраткері ,әдебиетші,көсемсөзші-Смағұл Садуақасов.

Смағұл Садуақасов – 1900 жылы Көкшетау облысы,  Ақжар ауданы, Жарқын ауылында дуниеге келген. Смағұл 10 жасына дейін әкесі Садуақастан тәлім-тәрбие алып, 11 жасында Жарқындағы Әбіл молданың мектебінде арабша хат таниды. 1912 жылы ауыл мектебін тәмамдағаннан кейін, Жарқыннан 50-60 шақырым жердегі Полтавка атты орыс поселкесінде үшжылдық қазақ-орыс училищесіне оқуға түседі. Үш жыл білім алған соң, әкесі оның алдағы оқуының ақысын төлей алмай, емтихан тапсыруына тура келеді. Емтиханнан керемет нәтижелер көрсеткен Смағұл ислам дінін ұстанғандықтан «Құдай заңынан» босатылады. Оқу орнын аяқтағаннан кейін Жарқынға қайтып, мұғалімдік қызмет атқарумен қатар, өзі де дәріс алып жүрді. 1915 жылы «халық мұғалімі» атағына ие болып, Көкшетау облысы,  Ленинград ауданы, Сиыршы ауылында ұстаздық қызметін жалғастырады. Бір жылдай жұмыс жасап, оқуын әрі қарай жалғастырмақ болып, Омбы училищесінің агрономия бөліміне түседі. Алайда оқуға түскенімен стипендия алмағандықтан, оның ауылға қайтпақшы болғанын білген жолдастары оның оқуына пұл жинап береді. Дәл осы оқиғадан бастау тапқан Смағұлдың ұлтшылдық, бауырмашылдығы саяси өмірінде көрініс тапты. 1918 жылдан бастап Ақмолада екі ай бойы уақытша дәріс беріп, оқу ісінің орынбасары болып жұмыс атқарады. Сонымен қатар осы жылы «Жас азамат» ұйымының Орталық басқару комитетінің мүшесі  болып сайланып, қазақ халқын жігерлендіретін мақалаларды жариялап отырды. 1918 жылы Асхат Сейдалин, Қошке Кемеңгерұлы, Айдархан Тұрлыбаев  тәрізді қайраткерлермен бірге Ақмола облыстық Алаш комитетін құруға жәрдемдесті. Аталған жылы 5-13 сәуір аралығында Қ. Кемеңгерұлы, Г. Досымбекқызы, С. Садуақасұлы сынды үркердей жас алашшылдардың белсенділігі ерекше байқалды.

1918 жылы 2 желтоқсанда «Центросибирь» атты Батыс Сібір кооперативтер бірлестігі одағына қызметке кіреді. «Центросибирь» басқармасынан өтінерім: « мені өзінің нұсқаушысы қызметіне алса» деп жазған өтінішінде. Сөйтіп 1918 жылдың 14 желтоқсанында «Центросибирь» бірлестігі басқармасының саудадан басқа істермен шұғылданатын бөліміне «шет ұлттар арасында кооперация жұмысын жүргізуші стажер-нұсқаушы» болып қызметін бастайды. Ол жерде тәжірибе жинақтаған ол енді қазақ арасындағы ұйым дүкендерінің жандануына себепші болып, 

Смағұлдың «Н.Ленин» атты мақаласын жазуы , Омбы қаласында коммунистік партияға өткенін дәлелдейді.Алайда оның бұл партияға елінің болашағы үшін өткені бәріне мәлім.

1920 жылы 12-18 қыркүйек аралығында Смағұл Мәскеу қаласында өткізілген Күншығыс ұлттары жастарының бірінші конференциясына қатысып,9 кісіден тұратын бюроға мүшелікке сайланады.Аталмыш жылдың аяғында Орынборға шақырылып,Аймақтық жастар комитетінің хатшысы болып тағайындалды. Жас қайраткер «Авангард Красного Востока»журналында редакторлық қызметті атқарады.

21 жасында қазақтың автономиялы республикасының басшысына айналып, жер,әкімшілік мәселелерді шешуге ат салысып,қазақ ұйымдарын құруға тырысты.

Алаш арысының ел игілігіне жасаған елеулі еңбегін елемей, «Қазақ КСР» тарихында Смағұл жайлы бір-ақ ауыз сөз айтылып,соның өзінде оны қаралаған сөз еді.

Смағұл Садуақасұлы мен Мұхтар Әуезұлы Семей қаласында

С.Сәдуақасұлы –(ортада) алғашқы Қазақ ұлттық драма театрының негізін қалаушы. Қызылорда қ. 1926 ж.

Алаш арысының отбасысына көшетін болсақ, әкесі Садуақас қазірет 1872 жылы туған. Ол кісі медресе тәмамдап, елде молдалық құрып, арабша балалардың тілін сындырған. Смағұлдың өзі он жасына дейін әкесінен тәлім-тәрбие алған. Өзі еңселі,қарулы кісі болыпты.Дүние артынан қумаған момын болыпты. Смағұл 1937 жылы кеңестік саясаттың құрбаны боп кете барды. Бар жазығы Орталық пен Голощекиннің қазақ геонцидіне қарсы тұрған Смағұлдың әкесі болғандығы еді.

Смағұлдың анасының аты-Мәжікен. Ол кісі,баласының жазған дерегі бойынша,1879 жылы туған. 1933 жылы жалғыз ұлы Смағұлдың ауыр қазасынан кейін қатты қайғырып, күні-түні жылап, қос жанарынан айырылыпты. 1937 жылы күйеуі Садуақасты жазықсыздан-жазықсыз айдап әкеткен соң, Мәжікен ана көп кешікпей құсадан қайтыс болады. Ал, емшектес бауырларына келсек, тірі қалғаны – қарындасы Орынбасар ғана. Мәжікен ананың көтерген он сегіз құрсағынан аман қалғандар – Смағұл мен Орынбасар. Орынбасар ерте жетім қалып, біраз қиындықты басынан өткізеді. Бой жеткен шағында тұрмысқа шықса да, ерте жесір қалып, өмірден өтеді. Смағұл ұшқан ұяның қайғылы халі міне осындай.

Смағұлдың өзі, Әлихан Бөкейхановтың жалғыз қызы Елизаветта Бөкейхановнаға үйленеді де, одан Искандер атты ұл бала туылады. Институтқа түскен соң, Мәскеу-Донбасс темір жолы құрылысында участок басшысының орынбасары болып істеді. Осы қызметте денсаулығы мықты,сап-сау жігіт жылдан астам уақыт өтер-өтпесте жұмбақ ауру тауып, 1933 жылы 16 желтоқсанда Кремль ауруханасында көз жұмған. Қала салтына сәйкес, оның мәйітімен қоштасу шарасы 19-желтоқсанда Мәскеу көлік құрылысшылары клубында өтті. Қаралы жиыннан соң қайраткер денесі өртелінген.

Топтық жұмыс

1-тапсырма: «Ақпаратты сүзу»

  • 1-топ: Смағұл Садуақасұлының өмір жолын білу
  • 2-топ: Смағұл Садуақасұлының ерекше қасиеттерін анықтау
  • 3-топ: Смағұл Садуақасұлының қоғамдық –саяси қызметін сипаттау
  • Әрбір топ мәтіннен ақынның өмірбаяны, қоғамдық-саяси қызметін түсіндіреді.
  • Дескриптор:
  • -Смағұл Сәдуакасұлының өмір жолын біледі.
  • -Смағұл Сәдуақасұлының ерекше қасиеттерін анықтайды.
  • -Смағұл Сәдуақасұлының қоғамдық-саяси қызметін сипаттайды.

Жеке жұмыс

2-тапсырма: Дерекөзбен жұмыс. 

  • Бірінші деректің негізгі идеясы неде?
  • Екінші деректе Смағұл Садуақасұлы қандай өзекті мәселелерді көтерді?
  • Екі деректің қарама-қайшылығы неде?

3-тапсырма: «Венн диаграммасы»

  • Мағжан Бекенұлы мен Смағұл Садуақасұлының өмірін, қызметінің айырмашылығын, ұқсастықтарын салыстыру

  • Дескриптор:
  • Тұлғалардың екі ұқсастығы мен 3 айырмашылығын анықтайды.
  • Ортақ қасиетін жазады.
  • Өз ойларын қорытындылайды.

Сабақты қорытындылау

  • «Кесте ішіндегі әріптер» әдісі
  • Әріптерді тиісті ретімен оқыса С.Сәдуақасұлының күйінішті сөзі ……..шығатынын айтып тапсырма береді.

Кесте ішіндегі әріптерді тиісті ретімен оқиды.

ЫЛДЛОН
ПОІЕТА
ҚБЖКАТ
АЙӘПРС
ЛАНЫБҚ
ДЛЕЛОА
ЫОСҚАҚ