Сабақ №19
Бөлім: | ІІ бөлім. ХХ ғасырдағы солтүстік өңірдің Алаш қайраткерлері | |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты | ||
Күні: | ||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Халықтың ақсұңқары – Смағұл Сәдуақасов | |
Сабақтың мақсаты: | -Смағұл Сәдуақасовтың өмір жолын біледі, ұлт үшін жасаған еңбегін анықтай алады; -Қоғамдық-саяси қызметін бағалай біледі. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі / уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Білім алушының іс- әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық ахуал туғызады. «Алтын тайқазан» әдісі тайқазан ішіне сұрақтар жазады. Сауалдың жауаптары арқылы жаңа тақырыппен таныстырады. Сабақтың мақсаттарымен таныстырады. | Сыныпта жағымды орта қалыптасады. Алтын тайқазан ішінен дайындаған сауал сұрақтарын алады. Мысалы: Мен кіммін……………….., сіз кімсіз? Ішінде Смағұл Сәдуақасұлының бейнесі болады. Сабақ мақсаттарын мұғаліммен талқылауға қатысады. | Мадақ-тау сөздер | |
Сабақтың ортасы 36 минут | Оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс Топтық жұмыс 1-тапсырма «Ақпаратты сүзу » әдісі Оқушыларға тақырып бойынша мәтін ұсынады. Оқушылардың өздігінен оқуын бақылайды. Педагог тапсырмаларды орындауға бағыттайды, қолдау жасайды. Жеке жұмыс: 2 — тапсырма Дерекөзбен жұмыс. Оқушыларға екі дереккөздің үзіндісі ұсынылады. Оларды оқып шығып, келесі тапсырманы орындайды: 1. Бірінші деректің негізгі идеясы неде? 2. Екінші деректе Смағұл Сәдуақасұлы қандай өзекті мәселелерді көтерді? 3. Екі деректің қарама-қайшылығы неде? 3-тапсырма: «Венн диаграммасы» . Мғжан Бекенұлы мен Смағұл Сәдуақасұлының өмірін, қызметінің айырмашылығын, ұқсастықтарын салыстыру Сабақты қорытындылау «Кесте ішіндегі әріптер» әдісі Әріптерді тиісті ретімен оқыса С.Сәдуақасұлының күйінішті сөзі ……..шығатынын айтып тапсырма береді. | Тапсырмалар: Оқушылар 3 топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды. Тапсырма. «Ақпаратты сүзу» әдісі бойынша ұсынылған тақырыптар негізінде ақпараттарды іріктеп, постер дайындайды. Шығармашылық жұмыстарын қорғайды. Топтық жұмыс 1-топ: Смағұл Сәдуақасұлының өмір жолын білу 2-топ: Смағұл Сәдуақасұлының ерекше қасиеттерін анықтау 3-топ: Смағұл Сәдуақасұлының қоғамдық-саяси қызметін сипаттау Әрбір топ мәтіннен ақынның өмірбаяны, қоғамдық-саяси қызметін түсіндіреді. Топтар жұмыстарын өзара бағалайды Дескриптор: -Смағұл Сәдуакасұлының өмір жолын біледі. -Смағұл Сәдуақасұлының ерекше қасиеттерін анықтайды. -Смағұл Сәдуақасұлының қоғамдық-саяси қызметін сипаттайды. Тапсырманы орындау 1. Бірінші деректің негізгі идеясы неде? 2. Екінші деректе Ахмет Байтұрсынов қандай өзекті мәселелерді көтерді? 3. Екі деректің қарама-қайшылығы неде? Дескриптор: 1. Тұлғалардың екі ұқсастығы мен 3 айырмашылығын анықтайды. 2. Ортақ қасиетін жазады. 3. Өз ойларын қорытындылайды. Кесте ішіндегі әріптерді тиісті ретімен оқиды. Ы Л Д Л О Н П О І Е Т А Қ Б Ж К А Т А Й Ә П Р С Л А Н Ы Б Қ Д Л Е Л О А Ы О С Қ А Қ С. Смағұл Сәдуақасұлының күйінішті сөзі ….. шығады. Жауабы: «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды. Осы сөйлемнің мағынасын түсіндіреді. | Өзара бағалау Топтар жұмыстарын өзара баға-лайды | Ақпараттық мәтін |
Мұғалімнің кері байланысы | Венн диаграммасы кестесі, Маркер Кесте | |||
Сабақтың соңы/ 4 минут | Кері байланыс «Табыс ағашы» арқылы оқушылар сабақтан алған білімдерін жинақтайды. «Жасыл алма»- сабақ ұнады,тақырыпты меңгердім. «Сары алма»-тақырыпты түсіндім,тапсырмалар кезінде қиналдым. «Қызыл алма»-сабақ маған түсініксіз. Үйге тапсырма: Смағұл Сәдуақасовтың өмірбаяны бойынша хронологиялық кестені құрастырыңыздар | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды |
Сабақ №20
Сабақтың тақырыбы: Смағұл Сәдуақасов атындағы мектепке саяхат
Сабақтың түрі: саяхат
Мақсаты:
Смағұл Сәдуақасов атындағы мектеп жайында толық ақпарат алады
Алаш зиялысының саяси, ағартушылық және мәдени қызметі бойынша баға беріледі
Оқушылардың шығармашылықпен ізденуін қалыптастыру, өз ойын еркін айтуға дағдыландырады.
Сабақтың жабдықталуы: дөңгелек үстел, маркерлер, презентациялар
Сабақ барысы:
1. Амандасу
2. Мектептің тарихы, құрылымы, атауы туралы қысқаша мәлімет беріледі.
3. Білім беру мекемесінің тарих пәні мұғалімі Смағұл Сәдуақасов жайында ақпарат береді.
4. Смағұл Сәдуақасов өмірбаяны жайында оқушыларға пысықтау сұрақтары қойылады.
Кері байланыс: «Блум кубигі»
- Бүгін дөңгелек үстелден өзіңе не алдың?
- Қандай ақпарат маңызды болды?
- Не білдің?
- Не қызықты болды?
- Не үйрендің?
Добавить комментарий