Сабақ №17
Бөлім: | ІІ бөлім. ХХ ғасырдағы солтүстік өңірдің Алаш қайраткерлері | |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты | ||
Күні: | ||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Алаштың айбынды ақыны – Мағжан Жұмабаев | |
Сабақтың мақсаты: | -Мағжан Жұмабаевтың өмір жолын біледі, ұлт үшін жасаған еңбегін анықтай алады; -Қоғамдық-саяси қызметін бағалай біледі. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Білім алушының іс- әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық ахуал туғызады. Ой қозғау Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында оқушыларға сөзжұмбақ береді. Сөзжұмбақтың жауабы арқылы жаңа тақырыппен таныстырады. Сабақтың мақсаттарымен таныстырады. | Сыныпта жағымды орта қалыптасады. Оқушылардың берген жауаптары арқылы сөзжұмбақтың шешуінде Мағжан есімі шығады. Сөзжұмбақтың шешуі арқылы жаңа тақырыпты анықтайды. Сабақ мақсаттарын мұғаліммен талқылауға қатысады. | Мадақтау сөздер | |
Сабақтың ортасы 36 минут | Оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс Топтық жұмыс 1-тапсырма «Стоп кадр» әдісі бейне материалды көрсетеді. Топтық жұмыс Оқушыларға тақырып бойынша мәтін ұсынады. Оқушылардың өздігінен оқуын бақылайды. Педагог тапсырмаларды орындауға бағыттайды, қолдау жасайды. Жеке жұмыс: 2 — тапсырма «Он сұрақ» әдісі мұғалім өзі бір оқушыны таңдап алады. Оқушының маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Жұптық жұмыс: «Тарсия» әдісі бойынша тапсырма береді. Сабақты қорытындылау «Әріптестер» әдісі арқылы қорытынды жасатады. Әр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз береді. | Тапсырмалар: Оқушылар 3 топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды. Тапсырма. «Стоп кадр» әдісі бойынша ұсынылған тақырыптар негізінде ақпараттарды іріктеп, постер дайындайды. Шығармашылық жұмыстарын қорғайды. Топтық жұмыс 1-топ: Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы 2-топ: Мағжан Жұмабаев туралы 15 дерек 3-топ: Мағжан Жұмабаевтың қоғамдық –саяси қызметі Әрбір топ мәтіннен ақынның өмірбаяны, деректерді, қоғамдық-саяси қызметін түсіндіреді. Топтар жұмыстарын өзара бағалайды Маңдайына сөз жапсырылған оқушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады. Оған жауап не «иә», не «жоқ» деп беріледі. Жасырынған сөзді тауып алуы керек. Оқушылар сұраққа сәйкес жауапты тауып құрастырады. Құрастырғанда геометриялық фигура шығару керек. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сәйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді | Өзара бағалау | Бейнематериал https://www. youtube.com / watch?v=q WJpFSXN180 |
Мұғалімнің кері байланысы | Үлестірме қағаздары | |||
Сабақтың соңы/ 4 минут | Кері байланыс«Мағжан атаға хат» әдісі Бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы шағын хат жазады. Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаев өлеңдерін мәнерлеп оқуға дайындалу | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | А4 қағаз |
Сабақ №18
Сабақтың тақырыбы: «Ақынның ақыны- Мағжан Жұмабаев»,
Сабақтың түрі: конференция
Мақсаты:
М.Жұмабаевтың тарихтағы рөлін ұғындырудың тәжірибелік маңыздылығын көрсетеді
Оқушылардың шығармашылықпен ізденуін қалыптастыру, сөйлеу мәдениетіне баулиды, өз ойын еркін айтуға дағдыландырады.
Сабақтың жабдықталуы: презентациялар
Сабақ барысы:
1.Мағжан Жұмабаевтың ақындық, ағартушылық және саяси ұстанымдарын сипаттама беріледі
2. Ақынның шығармашылық дарындылығына баға беріледі
Сабақты қорытындылау
Оқушылар мен мұғалім арасында сабақты қорытындылау бойынша пікір-талас жүргізіледі
Кері байланыс: «Блум кубигі»
- Бүгін дөңгелек үстелден өзіңе не алдың?
- Қандай ақпарат маңызды болды?
- Не білдің?
- Не қызықты болды?
- Не үйрендің?
Добавить комментарий