Сабақ №13
Бөлім: | І бөлім. Солтүстік өңірдің батырлары, билері, жыраулары | |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты | ||
Күні: | ||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Дауылпаз баба – Қожаберген | |
Сабақтың мақсаты: | Қожаберген жырау туралы деректерді оқиды, мәтінді талдайды;Жырау өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашып, өмірмен байланыстырады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Білім алушының іс- әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық ахуал туғызады. Қызығушылықты ояту 1.Қалай ойлайсыздар бұл үзінді кімнің өленінен алынған? 2. Ал Қожаберген бабамыз туралы не білеміз? Сабақтың мақсаттарымен таныстырады. Қожаберген бабамыз санқырлы екен. Біраз мәліметтерді есімізге түсіріп, жинақтап, сараладық деп айтады.Сыныпты топқа бөледі. | Сыныпта жағымды орта қалыптасады. Өлеңді оқып, кім туралы екеніндігін айтады. Қожаберген туралы басқа пәндерден алған білімдерін қолданып, бүгінгі сабақтың тақыры мен мақсатын мұғаліммен талқылауға қатысады. 3 түрлі белгімен түсті қағаз тарату арқылы сынып үш топқа бөлінеді. | Мадақтау сөздер | |
Сабақтың ортасы 36 минут | Оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс Топтық жұмыс 1-тапсырма «Мағынаны ажырату» әдісі. Зерттеу жұмысын жүргізу үшін сіздерге көмек ретінде көрме дайындалды.берілген жұмысты жасау үшін қолдануларыңызға болады. (15 минут беріледі, күй жүріп тұрады) Тапсырмаларды орындауға бағыт береді. Жеке жұмыс: 2 — тапсырма «Ой толғаныс» Қожаберген өлеңінен үзінді оқылады. Окушыларға өлеңді мұқият тыңдап отыру керектігін айтады.Себебі келесі жұмысымызбен тікелей байланысты. Сабақты қорытындылау «Сен – маған, мен – саған» әдісі арқылы қорытынды жасатады. | Тапсырмалар: І топ Қожаберген шежіресі ІІ топ «Елім-ай» дастанының шығу тарихы. ІІІ топ Қожаберген жырауды бүгінгі күнмен қалай байланыстырамыз. Бұл өлеңнің ұлттық рухани құндылықты қалыптастыруда қандай маңызы бар? Бүгінгі алған білімдеріңді түйіндей отыра, осы өлең жолдарымен байланыстырып, ой толғаныс жазыңдар. Жазғандарын әр топтан 1 оқушы оқиды. Қалған оқушылар өздеріне ұнаған жерге, қабырғаға іліңіздер. «Галлереяға саяхат» жасайық. Оқушылар бір-бірінің қойған сұрақтарына жауап береді, тақырыпты бекітеді. | Өзара бағалау | Үлестірмелі материал |
Мұғалімнің кері байланысы | Плакаттар, маркер | |||
Сабақтың соңы/ 4 минут | Кері байланыс. Оқушылардың кері байланысын тыңдайды. «Тик-ток» әдісі Нені білдім, нені үйрендім? Нені толық түсінбедім? Нені білгім келеді? Үйге тапсырма: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқып келу | Кері байланыс жасайды. Сұрақтарға жауап береді | Өзін-өзі бағалау | А4 қағаз |
Сабақ №14
Сабақтың тақырыбы: Қожаберген атындағы мектепке саяхат
Сабақтың түрі: саяхат
Мақсаты:
Баян батырдың тарихтағы рөлін ұғындырудың тәжірибелік маңыздылығын көрсетеді
Оқушылардың шығармашылықпен ізденуін қалыптастыру, сөйлеу мәдениетіне баулиды, өз ойын еркін айтуға дағдыландырады.
Сабақ барысы:
1. Амандасу
2. Мәдени орын, оның тарихы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
3. Қожаберген атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қожаберген батыр туралы ақпарат береді.
4.Қожаберген батыр туралы «Тарсия» әдісі бойынша сұрақтардың жауабын тауып қою.
Сабақты қорытындылау
«Кітап» әдісі рефлексия
Әр топ кітап бетіне өздерінің стикерлерін апарып жапсырады.
Кері байланыс
Добавить комментарий