Сабақ №10
Бөлім: | І бөлім. Солтүстік өңірдің батырлары, билері, жыраулары | |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты | ||
Күні: | ||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Есімі ұран болған Жанатай батыр | |
Сабақтың мақсаты: | Батыр туралы деректерді оқиды, мәтінді талдайды; Батырдың тұлғалық қасиеттерін, ерлігін бағалайды. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Білім алушының іс- әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық ахуал туғызады. Ой қозғау Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында Андықожа батыр бойынша оқушыларға сөзжұмбақ береді. Сөзжұмбақтың жауабы арқылы жаңа тақырыппен таныстырады. Сабақтың мақсаттарымен таныстырады. | Сыныпта жағымды орта қалыптасады. Оқушылардың берген жауаптары арқылы сөзжұмбақтың шешуінде батырдың есімі (Жанатай батыр) шығады. Сөзжұмбақтың шешуі арқылы жаңа тақырыпты анықтайды. Сабақ мақсаттарын мұғаліммен талқылауға қатысады. | Мадақтау сөздер | Интербелсенді тақтадағы сөзжұмбақ. |
Сабақтың ортасы 36 минут | Оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс Топтық жұмыс 1-тапсырма «Ақпараттар сөйлейді» әдісі Топтық жұмыс Оқушыларға тақырып бойынша мәтін ұсынады. Оқушылардың өздігінен оқуын бақылайды. Педагог тапсырмаларды орындауға бағыттайды, қолдау жасайды. Жеке жұмыс: 2 — тапсырма «3/3/1» әдісі бойынша Батыр Баянның тұлғалық қасиеттері мен ерлігін бағалау бойынша тапсырманы орындатады. Сабақты қорытындылау «Сен – маған, мен – саған» әдісі арқылы қорытынды жасатады. | Тапсырмалар: Оқушылар 3 топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды. Тапсырма. «Ақпараттар сөйлейді» әдісі бойынша ұсынылған тақырыптар негізінде ақпараттарды іріктеп, постер дайындайды. Шығармашылық жұмыстарын қорғайды. Топтық жұмыс 1-топ: Батырдың өмірбаяны туралы мағлұмат береді 2-топ: Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында Жанатай батырды қалай сипаттайды 3-топ: Батырдың ерліктерін анықтайды Әрбір топ мәтіннен батырдың өмірбаяны, қасиеттері, ерліктері туралы деректерді алып түсіндіреді. Топтар жұмыстарын өзара бағалайды Оқушылар Батыр Жанатай тұлғалық қасиеттері мен ерлігін 3 сөйлеммен бағалап, ойларын түйіндейді. 3 сөйлемнің ішінен 3 негізгі сөзді анықтайды. 3 сөздің ішінен Батыр Жанатайдың ерекше қасиетін ашатын 1 сөзді табады. Оқушылар бір-бірінің қойған сұрақтарына жауап береді, тақырыпты бекітеді. | Жұптық бағалау. Оқушылар жұп бойынша бір-бірінің дәптерлерін тексеріп «Фигура-лар» әдісі арқылы бағалайды | Ақпараттық мәтін |
Мұғалімнің кері байланысы | | |||
Сабақтың соңы/ 4 минут | Кері байланыс. Оқушылардың кері байланысын тыңдайды. «Тик-ток» әдісі Нені білдім, нені үйрендім? Нені толық түсінбедім? Нені білгім келеді? Үйге тапсырма: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқып келу | Кері байланыс жасайды. Сұрақтарға жауап береді | Өзін-өзі бағалау | Бағалау парағы |
Добавить комментарий