Сабақ №6
Бөлім: | І бөлім. Солтүстік өңірдің батырлары, билері, жыраулары | |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты | ||
Күні: | ||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Баян батырлығы алашқа аян | |
Сабақтың мақсаты: | Батыр Баян туралы деректерді оқиды, мәтінді талдайды; Батырдың тұлғалық қасиеттерін, ерлігін бағалайды. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Білім алушының іс- әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық ахуал туғызады. Ой қозғау Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында Сүйіндік батыр бойынша оқушыларға сөзжұмбақ береді.Сөзжұмбақтың жауабы арқылы жаңа тақырыппен таныстырады. Сабақтың мақсаттарымен таныстырады. | Сыныпта жағымды орта қалыптасады. Оқушылардың берген жауаптары арқылы сөзжұмбақтың шешуінде батырдың есімі (Батыр Баян) шығады. Сөзжұмбақтың шешуі арқылы жаңа тақырыпты анықтайды. Сабақ мақсаттарын мұғаліммен талқылауға қатысады. | Мадақтау сөздер | |
Сабақтың ортасы 36 минут | Оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс Жұптық жұмыс 1-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» Оқушыларға тақырып бойынша ғаламтор желісінен ақпараттар іздеу ұсынылады, сабақ мақсаттары бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт береді. Жеке жұмыс: 2 — тапсырма «3/3/1» әдісі бойынша Батыр Баянның тұлғалық қасиеттері мен ерлігін бағалау бойынша тапсырманы орындатады. Сабақты қорытындылау «Сен – маған, мен – саған» әдісі арқылы қорытынды жасатады. | Тапсырмалар: Оқушылар жұппен ғаламтордан батырдың өмірбаяны, қасиеттері, ерліктері туралы ақпараттар тауып оқиды, ақпараттарды іріктеп, берілген кестені толтырады. Өмірбаяны Қасиеттері Ерліктері 1. 2. 3. 1. 2. 3. Басқа жұпқа деректерімен бөлісіп, талқылайды. Дескриптор: Батыр өмірінің негізгі кезеңдерін анықтайды; Батырдың 3 қасиетін анықтайды; Батырдың ерлігін айғақтайтын 3 дәлел келтіреді. Оқушылар Батыр Баянның тұлғалық қасиеттері мен ерлігін 3 сөйлеммен бағалап, ойларын түйіндейді. 3 сөйлемнің ішінен 3 негізгі сөзді анықтайды. 3 сөздің ішінен Батыр Баянның ерекше қасиетін ашатын 1 сөзді табады. Оқушылар бір-бірінің қойған сұрақтарына жауап береді, тақырыпты бекітеді. | Топтық шеңбер аясындағы бағалау | Кесте, ақпараттық мәтін |
«Екі жұдыз, бір ұсыныс» | ||||
Сабақтың соңы/ 4 минут | Кері байланыс. Оқушылардың кері байланысын тыңдайды. «Тик-ток» әдісі Нені білдім, нені үйрендім? Нені толық түсінбедім? Нені білгім келеді? Үйге тапсырма: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқып келу | Кері байланыс жасайды. Сұрақтарға жауап береді | Өзін-өзі бағалау | А4 қағаз |
Добавить комментарий