А.Қ.Қошанов

Сабақтың мақсаты:

Қазақ ғылымының дамуына қосқан еңбегін бағалайды, мәтін талдайды.

Аманжол Қошанұлы Қошанов

Аманжол Қошанұлы Қошанов 11 қазан 1934 жылы, СҚО, Шал ақын ауданы, Алқаағаш ауылында туған . Экономист ғалым,экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан республикасының Ұлттық ғылым академиясынығ академигі. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының (2015) және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың (983) иегері.

Оның әкесі Қошан ақсақал көпті көрген шежірешіл, әңгімешіл кісі болатын. Әкесінің айтуы бойынша Абылай ханның атақты батырларының бірі, әрі сенміді елшісі Құлеке Тәңірбергенұлының алтыншы ұрпағы екен. Атап айтқанда, Құлекенің –Жанкөшек, одан –Бекмырза, одан – Жантілеу, одан – Қошан, Ал Қошаннан –Аманжол. Қошан өзінің бабалары Құлеке батырмен ақтангер ақын Тілеуке (Шал ақын) туралы көп әңгімелер айтқан. Ол ғылымның  биік шыңына  оп-оңай жеткен жоқ, өзінің туа біткен талантына қоса аса зор еңбексүйгіштігі мен ересен табандылығының арқасында жетті.

   Марьевка мектебін алтын медальмен тамандаған жас түлек Мәскеудің М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің экономика факультетіне оқуға түседі.

Мәскеу университетін 1957 жылы бітіріп, Ақтөбе қаласындағы қаласындағы кооперативтік техникумда саяси экономика пәнінің оқытушысы болып бастайды. Ол оқытушылығымен қатар техникумның комсомол ұйымын басқарады. Білікті де қабілетті жас маманға сол техникумға директор болу ұсынылады. Бірақ Аманжол еліміздің сол кездегі астанасы Алматыға келеді.Ондағы мақсаты ғылыми жұмыспен айналысу еді. Сәті түскенде , оған атақты жерлесіміз әйгілі ғалым Евней Арыстанұлы Бөкетов кездесіп, оның ғылым жолына түскісі келетінін мақұлдап Республика Ғылым академиясының экономика баруға кеңес береді. Ол институттың сол кездегі директоры Серғали Еспембетұлы Толыбеков жас маманды еш кедергісіз жұмысқа қабылдайды. Сөйтіп, Аманжол Қошанұлы өзінің ғылыми қызметін осы институтта бастайды. Бұл жерде ол 1959-1988 жылдар аралығында кіші, аға ғылыми қызметкерден ғалым хатшы, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасарына дейін көтеріледі.

Осы институттың аспирантын бітірген Аманжол 1965 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 1979 жылы 35 жастағы Аманжол Қошанұлы экономика теориясы бойынша докторлық диссертация қорғады. 1983 жылы Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, жылы академигі болып сайланды. 1983 жылы «Қазақстанның индустриялық прогресі» атты монографиясы үшін Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреты атанды.1959-1995 жылдары ғылымның көпқырлы ғылыми және ғылыми ұйымдастырушылық еңбегі Академияның экономика институтымен байланысты болды. Мұнда еңбек жолвын кіші ғылыми қызметкерден бастаған ол 1989-1995 жылдары институт директоры болып істеді.

Аманжол Қошанов экономика ғылымының дамуына және оның жетістіктерін халық шаруашылығына енгізуге айтарлықтай үлес қосқан ғалым экономист. Сонымен қатар олар республика экономикасын түбегейлі өзгертіп, нарықтық қатынастарға көшуде нақтылы бағыттылығымен де жоғары бағаға ие болды.

 Академик А.Қ.Қошанов 400-ден астам ғылыми объектін авторы. Олардың ішінде 40-қа жуық монографиялық еңбектің авторы және бірлескен автор. Бұл монографиялық еліміздің экономикасын нарықтық қатынастарға бейімдеп қайта құрудың басты проблемаларына арналған. Ол 15 жылдам астам уақыт бойы экономика институтының докторлық диссертация қорғауға арналған мамандандырылған кеңесті басқарып келді.

Академик-ғалым шетел ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста. Ол көптеген дүниежүзілік форумдарда баяндама жасап, Қазақстан ғылымының жетістіктерін шетелдік әріптестеріне көрсете білді. Бұлардан басқа Германияда, Жапонияда, Англияда, Қытайда , Францияда, Финляндияда, Грекияда, Кореяда, Венгрияда, Израилда, Малайзияда өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдардың мінбелерінде көрінді. Аманжол Қошанұлының қоғамдық және ғылыми қызметі жоғары бағаланып , ол бірнеше медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды: 1995 жылы Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасыныңғ ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері», Англиядағы кембридж биографиялық орталығы 2004 жылы «ХХІ ғасырдың көрнекті интеллектуалы» медалімен; америкалық биографиялық институты мен халықаралық зерттеу департаменті «2004 жылдың адамы» атағын берді.
Ғалімнің пікірлеріне лайықты шешімдер мен ұсыныстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009ж.  4 қыркүйекте ғылым мен ғылыми саясат бойынша кеңесінде айтылды. «Бұдан былай,-деді Елбасы, — ғылымға қажетті қаржыны мемлекеттік лауазым иесі емес, ғалымдар анықтайды. Сөйтіп, барлық қаржы ғылыми кеңестердің шешімімен беріліп отырады». Елбасының бұл айтқандары академик А.А.Қошановтың пікірлері мен ұсыныстарының өте дұрыс қойылғанын көрсетеді.

1-тапсырма: «Хабарлама жеткізу»

  • 1-топ: Академик А.Қ.Қошановтың өмірбаянын баяндау
  • 2-топ: Академик А.Қ.Қошановтың ғылыми зерттеген салалары анықтау
  • 3-топ: Академик А.Қ.Қошановтың ғылыми зерттеулерінің маңыздылығы бағалайды.
  • Әрбір топ деректерді топта талқылап, өз жанұяларына келіп түсіндіреді.

Жұптық жұмыс

2-тапсырма 

Ғылым саласына сіңірген еңбегіҚоғамдық-саяси өмірдегі белменділігі
1.1.
2.2.
3.3.

Жеке жұмыс

3-тапсырма: «ПТМС»

  • Позиция (мен солай санаймын)
  • Түсіндіру (себебі)
  • Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын)
  • Салдар (айтылған мәселе бойынша мынадай қорытынды жасаймын)

«Веер» әдісі

Бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.