Батыр Баян

Сабақтың мақсаты:

Батыр Баян туралы деректерді оқиды, мәтінді талдайды.

Батырдың тұлғалық қасиеттерін, ерлігін бағалайды.

Баян батырлығы алашқа аян

Қазақ халқының тарихында XVIII ғасырда сыртқы жауға қарсы каһармандықпен шайкасып, Абылай хан әскерiнде ірі кұрамаға жетекшiлiк еткен атакты батыр, қолбасшы Баян Қасаболатұлының орны бөлек. Ол Абылай ханның сенiмдi серiгi, басты батырларының бірi болды. Ертіс бойын, Калба өңiрi мен Тарбағатай аймағын жаудан азат етуге қатысып, Шорға шайкасы мен Ақшәулі ұрысында асқан ерлігімен ерекше көзге түсті. Баян батырдың ерлігі туралы атақты Үмбетей мен Тәтіқара, Шәді төре Жәңгір ұлы сиякты жыраулар жырга қосып, қазақтың ұлы ғалымдары Ш.Уәлиханов пен Ә.Марғұлан, әрі ойшыл, әрі ақын Мәшхүр Жүсіп тамсана жазды, ақиық ақын Мағжан «Батыр Баян» поэмасын арнап,осы шығарма желісі бойынша 1993 жылы режиссер С.Тәуекелов көркем фильм түсірді. Көрнекті жазушылар 1.Есенберлин мен Қ.Жұмаділов өз романдарында батыр бейнесін сомдады. Монголияда тұратын қазақ жазушысы Сұлтан Тәукейұлы батыр Баян туралы « Алмас қылыш » атты роман жазып, 2013 жылы жария етті.  Баян батыр 1714 жылы казіргі Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданының Аралағаш деген жерінде дүниеге келген. Әкесі  Касаболат зергер, ұста, ал анасы Кіші жүздегі Жағалбайлы Сырым батырдын атасы Дат Шоланұлының қарындасы, аты Ажар еді дейді қазақы шежіре. Болашак батыр Баянның батыр болып қалыптасуына жаугершілік заман, аталас ағасы Сары мен әкесі Қасаболаттың інісі Абыл батырлардың әсері болған . Жаппай каптама согыска кіргенде Баян батыр ағасы Сарынын атының шылбырын такымына басып, қатарласып жүріп соғысады екен дейді. Кескілескен бір ұрыста Абылай серіктерімен алдыға озып кеткенде көп жаудың ортасында қалады. Абылай кысылғанда касындағы серіктеріне мына қоршауды бұзып өтер кім бар деп екі рет дауыстап айкайлағанда ешкім ұмтылып алдыға шыкпады дейді .

Сонда ханның « бұл казақта жауға шабар ұл тумады ма » деп капаланған айғай сөзінен кейін есік пен төрдей сарала ат мінген. Абылайдың өзі құралыпты жастағы жауынгер ұмтыла шауып, жаудың шебін жапыра бұзып қасындағыларға жол ашады. Коршаудан аман — есен шығып, негізі қолға қосылғаннан кейін, көңілі орныккан Абылай «бағанагы сарыала атты батырды тауып келіңдер» деп жарлық береді. Алдына алып келген еңсегей бойлы жігерлі жігіттің келбетіне риза болған хан «Жауға шабарын бар, бір айттырмай неге үш рет кайталаттың » дейді . Сонда батыр « алдымен жолды сұлтан, төрелерге бердім , одан кейінгі жол аға баласы Арғынның батырларынікі еді. Ақырында ажалдан басқа жол қалмағанда өзім шаптым депті, бұл Баян батыр екен дейді. Тура осы жагдайды Шоқан Уалиханов та жазған болатын. Ұлы ғалым Баян батыр туралы мәліметтерді накты білетін адамдардан алған. Абылай ханнан « үш жүздің батырларынан кімдерді ерекше бағалайсыз » деп сұраганда: «Бізге дейінгі екі кісіге таңқалуға болады. Олар 90 туысын тұтқыннан кұткарган Қаракесек Қазыбек және тағы сондай өзінің тұтқында кеткен адамдары босатып алган  Уак Деріпсалы. Біріншісі Қалданның өз алдына барып босатып алған, ал соңғысы ауылында жатып дұшпанын коркытып алған. Біздің қатарымыздағылардан Бәсентиін Малайсары байлығымен, батырлығымен, мінезімен ерекшеленсе, Уах Баян акылдылығымен, батырымен ерекшеленеді» деген екен.

 Машхүр Жүсіп атамыз ел аузында жүретін қысқа — қысқа әнгімелерді         «Абылай заманынындағы батырлар» деп атап жазып қалдырған, осы жазбаларында Баян батыр туралы Абылайдың «Үйде батырмын деген көп еді. Түзде Баяндай көрінетіні жок еді » деп айтқан сөзін келтiрiпті. Баян Батыр Абылай хан мойындағандай ақылды, кемеңгер және өнерпаз, сері болған. Бұл туралы Әлкей Марғұлан «Күйді ерттеп, әнді мінген кемеңгерлер » деген мақаласында : « Серілікті жаны сүйген. әсіресе, Абылайдың жауынгер батырлары. Уак Баян батыр атақты серінің бірі. Күйді ол алыска шалкытып, сыбызгымен әдемі тартатын болған» деп жазыпты.Тарихта «Шанды жорык» деп аталған 1771 жылғы қалмақтың Еділдiң арғы бетінен, қазақ жерiнiң үстімен кырғын согыс салып, ежелгi атамекеніне, Жонгар жерiне, өтіп келе жаткан жанкешті жорығы Балкаш көлiнiн тұсына, Мойынты ѳзенiнiң бойына келгенде калмактың хандары Серен мен Ұбашы қалмактың ең беделді жеті кісісінен тұратын елшілерін Абылайға жіберіп «Қазақ пен қалмак ежелден бауырлас туыс ел. Бітімге тоқтайық. Ак үй береміз. айып — албан төлейміз. Біздің барар жер, басар тауымыз жок. Көшіп қонатын қоныс бер, барлық қалмақ жұрты сенiң билiгiңдi таниды. Ежелгi туыстымызды калпына келтірейік » депті. Арнайы кенес шақырған Абылай калмак елшілерінің ұсынысын  қабылдағанды мақұл көреді , ондағы түпкі ойы , « … қуаты мол Қытай империясы мен Қазак Ордасының арасында …. Жоңгар мемлекеті калкан қызметін аткаруы кажет ». Орыс үкіметінің, неше ай бойы , кайта — кайта хат жазып мәжбүрлеуіне карамастан, Абылай дәл осы ретке дейін соғыс қимылдарын жасамай отырган. Бірак үш жүз жыл бойы қалмақпен соғысып қаны қарайган казак «қалмакты түбегейлі жою керек деген пікірден кайтпайды. Баян батыр өз сөзінде Ұбашы мен Серен ойда орысты, кырда кытайды алдаған, ендi сенi де алдайды» дейді. Кеңес созылып, жұрт пікірі хан ойлаған арнаға тоғыспағаннан кейін Абылай қалмактарға үш күндік мұрсат береді . Екінші күн өтіп, үшінші түні жүйкесі шыдамаған қалмактар дүрк көтеріліп тікелей шабуылмен қоршауды бұзып өтіп, өлген — жіткенiне карамай жонгар жерiне карай тоқтаусыз жөңкіп кетеді. Тан ата қуа шыккан қазак колы қалмактарды, сол кездегi қытай шекарасына дейін тынымсыз шауып, тодырып кырып — жоя береді. Шоқанныц жазуы бойынша, қайтып, келе жатқанда,  қалмақтардың улап кеткен құдықтарынан су ішіп, Баян батыр біраз жауынгерлерімен бірге уланып өлген. Қазақтың ауызша  тарихында батырлык денесі жаздың ыстыгында ата мекенiне жете алмайтын болғаннан соң, казіргі Караганды облысының бiр жерiнде жерленген . « Қарағанды жұртының көне шежіре, тарихты білетін үлкендері осы мәліметті растап, батыр бабамыздың жатқан жерін көрсете алатыны болса тарихтың бір үлкен ақтандағы жойылар еді » деп облыстық «Орталық Қазақстан » газеті арқылы үндеу салғанымызда Қарағанды — Балқаш күре жолының бойындагы Ақшатау кенішіне такау Қарабұлақ деген ауылдың тумасымыз , біздің ауылымыздың жанында «Сары Баян жотасы» деген жота бар, бала кезімізде аталарымыз бен әкелеріміз осы жотада Уактын Баян батыры жерленген деп айтатын едi деген азаматтар, бір — бірінен тәуелсіз, Абай, Балқаш қалалары мен жол бойындағы, Ақшатаудан кейін 20 шакырымдай жерде орналаскан, Ақжал ауылынан «Орталық  Қазақстан » газетінің бас редакторы Мағауия Сіләмбекұлы Сембаев пен осы жолдың авторына телефон соқты. Сол үшеудің біреуі, Ақжал ауылының тұрғыны Серік Қамбарұлы деген азамат, 1981 жылы кайтыс болған Қарабұлақ ауылының тұрғыны Самат Мусабеков деген айтыс акынынының жазбалары бар еді, егер сол табылса көп нәрсенің бетін ашар еді деген сөз айтты. Менің үндеу салған мақаламның бет ашарына «Баян батырдың кайда жатқанын іздеп,зерттеуге мен де бел будым» деп жазган ұлтжанды азамат Мағауия Сіләмбекұлының күш салуымен Самат Мұсабекұлының «Есей-Дос» деген дастаны табылды . Осы дастанда қалмақтарды куған жауынгерлер кайтып келе жатқан жолында қалмактардың өліктерін тастап кеткен судан су ішкендіктен Қарабұлактың жанындағы қара суга келгенде үш жуз сарбаздың жүзі, ішінде Арғынның Итқара батыры,Уак Сары мен Баян батырлар бар, «сатқақ» деген іш аурудан өлген деп айтылған. Сары мен Баян батырлар, Қарабұлак ауылының жанындағы Сары Баян жотасы деп аталып кеткен жатаған жотаға жерленген, ал Итқара батыр 40 жауынгерімен өзектін ар жагына Актөбе деген жотанын басына жерленген, екі жотаның арасы үш шақырым депті.

Жұптық жұмыс

1-тапсырма: «Хабарлама жеткізу»

  • Батыр өмірінің негізгі кезеңдерін анықтайды;
  • Батырдың 3 қасиетін анықтайды;
  • Батырдың ерлігін айғақтайтын 3 дәлел келтіреді.
ӨмірбаяныҚасиеттеріЕрліктері
1.
2.
3.
1.
2.
3.

Жеке жұмыс:

2-тапсырма: «3/3/1» тапсырмасы

  • Оқушылар Батыр Баянның тұлғалық қасиеттері мен ерлігін 3 сөйлеммен бағалап, ойларын түйіндейді.
  • 3 сөйлемнің ішінен 3 негізгі сөзді анықтайды.
  • 3 сөздің ішінен Батыр Баянның ерекше қасиетін ашатын 1 сөзді табады.

«Сен – маған, мен – саған» әдісі

Оқушылар бір-бірінің қойған сұрақтарына жауап береді, тақырыпты бекітеді.