Құлсары батыр

Сабақтың мақсаты:

Батыр туралы деректерді оқиды, мәтінді талдайды;
Батырдың тұлғалық қасиеттерін, ерлігін бағалайды.

Құлсары Бөріұлы

Қатерлі сәтте ел қорғаны бола білген батырлардың ішінде Құлсары Бөріұлы батырда болған. Елінің батыр ұлы елін жаудан қорғауда өзін жан-жақты көрсете білді. Құлсарының батырлық, сардарлық, мәмілегерлік қасиеттерін қазақ елінің басын тұтас біріктірген Абылай хан орынды бағалап,оны өзінің сенімді серігі ретінде ең жауапты істерде ақылман кеңесшісіне балаған. Батыр бабамыз ұлы ханның өзіне артқан сол сенімін абыройлы атқарғанын, орыс және Цин империяларымен арадағы саяси, әскери қарым-қатынастарды көрсететін құжаттармен хатқа түсірілгени мұрағат жазбалары айғақтайды.
Зерттеушілердің жазғаныңдай,Құлеке батыр 1710 жылы туып Абылай хан болып сайланатын 1711 жылы, алпыс бір жасынан өмірден озған. Бұған дәлел Шал ақынның өлеңі:
Құлеке жиырмада арқар еді,
Отызда би,қырқында дапрқан еді.
Кешегі тулап өткен Құлекенің 
Алдында орыс, қазақ тарқап еді.
Алпыс бір мүшел келді мерттей болып,
Өтпедің сол мүшелден серттей болып.
Кешегі тулап жүрген ер Құлеке
Су тиген сөне қалды өрттей болып
Астынан көк өгіздің тас көтерген
Кісіні арықтаған ас көтерген
Бірі де туған жанның өлмей тұрса,
Бұрынғы үлкен қайда бас көтерген?
Демек Құлеке батыр Абылай ханмен құрдас болған. Ол да, Құлсары да Абылай хан тағына отырмас бұрын, оның Әбілмәмбет ханның жанындағы сұлтан кезінде онымен бірге әрекет еткен, сұлтанның жарлықтарын орындаған, мәмігерлік, елшілік істерді атқарып келген. Құлсарының Құлекеден жастау екенің орыс мұрағаттарындағы құжаттар растайды Оларда Құлсарының Құлекеден өзінің үлкендігі, Қартайып қалғандығы туралы айтады. 1760 жылғы 18 шілде күні Ресей ішкі  істер алқасының жазбасында Құлекенің Құлсарыға қарағанда әлдеқайда қартайғаны туралы деректер жазылған. Сол жарлықта Құлеке Құлсары ға қарағанда әлдеқайда қартайғаны жөніңде тағы да мәлімдеді. Осы деректерде Құлсарының орыс патшасына адал Аңдағұл, Қожағұл сынды ұлдары бар болғаны жөнің де деректерде берілген. Орыс патшалығының зымиан әкім-қаралары  қартайған құлекеден гөрі жастау Құлсарыны өздерінің бауырына тартуды жөн көретіні де осы құжаттардан анық  көрінеді. Абылай ханның кейбір батырларының есімдері қараусыз қалып, ұмыт болды. Солардың ішінде біз Құлсары туралы айтып өткіміз келеді. Абылайдың сенімді серігі, оң қолы болған тарихи тұлға-Құлсары батыр. Ол Құлеке батырмен бірге көбінесе көрші мемлекеттермен татулық сақтау үшін дипломатиялық жұмыстармен айналысқан. Ол батыр Абылай ханмен талай ұрыстарда бірге болып, елдің ішкі және сыртқы істерімен тікелей айналысып Ресей империясымен дипломаттық байланыста болды. Сондықтан ол өз заманының көрнекті қайраткерінің бірі болып табылады. Талай ұрыстарда көзге түсті. Абылай хан оларды қаншама елдерге елшілік ретінде жіберіп, дипломатиялық келіссөздер жүргізуді тапсырып отырған. Сонымен қатар Құлсары батырдың әулие болғанын да кейбір дерек сөздер растайды. Қазіргі таңда бұл екі батырды көпшілік қауым біле бермейді.
Жоғарыда аталған зерттеулердің деректері бойынша Құлсары бабамыз 1715 жылы туып, 1776 жылы қайтыс болған. Тарихи деректерге сүйенсек, Орта жүздің ірі руларының бірі Атығайдың Құдайберді тармағынан екен.Құдайбердінің 6 баласы болыпты: Құлымбет, Жәмет, Ақмеліш, Андай, Ырсай, Есенгелді, Ырсайдың бір баласы Бөрі. Бөріден – Құлсары туған. Құлсары батырдың 7-ші ұрпағы Мағжан Қалиасқарұлының айтуынша Құлсарыда 6 ұл болған: Құлыбек, Тау, Бесеу,Қалдаман,Орал,Мамай.
Құлсары батырдың Отан тарихындағы орнын Құлеке батырдан бөліп айтсақ тарихи әділдік болмас еді. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Абылайдың сұлтан кезінде оған Есіл өзені бойына қоныстанған Атығай-­Қарауыл елінің билігін бергенін тарихтан білеміз. Абылай сұлтан бұл елді екі болысқа ру жігімен бөліп басқарды. Абылай заманында әкімшілік бөлініс жағрафиялық емес, румен бөлінетін. Қазіргі картамен айтар болсақ, Петропавл қаласынан Есіл ауданы төңірегіне дейінгі қоныстанған елді Құлсары батыр басқарды, бұл ел Құдайберді болысы деп аталды. Ал Николаевка селосынан әрі қазіргі Шал ақын ауданы жерін Құлеке батыр басқарды, бұл ел Бәйімбет болысы деп аталды. Абылай сұлтан бұл екі ел басшысына «старшина» атағын алып берді.
Кейін Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Абылай сұлтанға үлкен сенім артып, Орта жүз елін билеу тұтқасын қолына берген уақытта Абылай сұлтан сенімді серіктері – Құлсары мен Құлекені Атығай елі ғана емес, бүкіл Орта жүз еліндегі дау­дамайларды шешуге араластырды. Елдің ішкі жағдайы ғана емес, Абылай ең сенімді қос батырын сыртқы дипломатиялық істерге де пайдаланды. Әсіресе Ресей елімен қарым­-қатынасты осы батырлары арқылы басқарып отырды. Бұған орыс архивтеріндегі деректер жетіп артылады.
Абылайдың сенімді серігі, оң қолы болған тарихи тұлға — Құлсары батыр. Ол Құлеке батырмен бірге көбінесе көрші мемлекеттермен татулық сақтау үшін дипломатиялық жұмыстармен айналысқан.Ол батыр Абылай ханмен талай ұрыстарда бірге болып, елдің ішкі және сыртқы істерімен тікелей айналысып Ресей империясымен дипломаттық байланыста болды.Сондықтан ол өз заманының көрнекті қайраткерінің бірі болып табылады.Талай ұрыстарда көзге түсті. Абылай хан оларды қаншама елдерге елшілік ретінде жіберіп, дипломатиялық келіссөздер жүргізуді тапсырып отырған
2011 жылы Абылай ханның 300 жылдығына орай дипломат хан жайлы қөптеген материал жинауға Абылайды басқа қырынан тануға, өзге қырларын ашуға мүмкіндік жасалды. Оның жеткен жетістігі мен жеңісі тікелей айналасындағы адамдардың, оң қолдарының жемісі десе де болады. Осы тұрғыда оның жанында шоғырлаған батырларға  көп көңіл бөлінуде. Бізде осы мәселеден сырт қалмау үшін Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының өмірінде ерекше орын алған Құлсары батыр жайлы материалдар жинаумен өмірмен танысумен алмастық. Құлсары батыр жайлы мәліметтерді Қайролла Мұқановтың деректеріне, сілтемелеріне сүйене отырып алдық. Абылай халық қазақтың басын қосып  ел қылды, мәртебесін асқақтатты. Әрине,  бұлмен Орынбор губерниясын басқарып тұрған шенеуліктермен кездесіп келіссөздер жүргізіп қазақ елінің мүддесіне сай қызмет еткен. Бұны Ресей мұрағаттарында сақталған көптеген құжаттардан білуге болады
1753 жылы 31 наурызда Троицк бекінісінің командирі майор И. Ренненкампф Орынбор губерниялық кеңесіне берген рапортында былай дейді: «Наурыздың 29 күні қазақтың Орта жүзіндегі Атығай руының белгілі адамы Құлсары батыр сол рудың Құлеке батырымен бірге Троицкіге келіп маған өздері сұранып жолықты. Олардың айтуынша, Абылай сұлтан мен Жоңғар қалмақтары арасында жанжал бола қоймайды. Ал егер қалмақтар шабуыл жасайтын болса, қазақтар да оларға қарсы соғысады. Сол кезде қазақтардың әйелдері мен балаларын орыс бекіністері қорғар ма екен, шекара шебінен ішке қарай өткізер ме екен? Оларға мен: «Сіздерді бұрын қалай қорғасақ, қазірде патша ағзамның бұйрығы өзгерген жоқ, сол қалпында бұзылмайды. Қазақтар Ресейге қарайтындықтан әрқашанда корғалады» — дедім
Қытай империясы жоңғарларды түгелдей қырып, жерін басып алғаннан кейін қазақтарға да, орыстарға да қауіп күшейгені белгілі.1759 жылдың маусымында Қытай әскері Қазақстан шекарасына жақындап келе бастады.Сол кездегі жағдайды Қазақстанның белгілі тарихшы ғалымдары Р.Б. Сүлейменов пен В.А. Моисеев «Из истории Казахстана XVII века» атты  ғылыми монографиясында былай көрсетіледі: «Малочисленные гарнизоны сибирских крепостей, не располагавшие к тому же конницей  для действий в степях, не могли оказать казахам своевременной поддержки. Многие султаны и старшины откочевали со своими улусами под защиту русских крепостей. Несмотря на это Аблаю, Кульсары и Кулеке батырам удалось собрать 6 тысячное ополчение и в первых же числах июня выступить в поход»
Бұл кезде Ресей бекіністеріндегілер жағдай қалай болып кетеді екен деп алаңдауда болды.Тіпті Абылайдың батырларына сенбеді. Мысалы,1758 жылғы 31 наурызда Петропавл бекінісіне жолдаған подполковник Тюменовтің хатында: «Құлсары мен Құлекенің адамдары бекіністер мен редуттарға жақын келтіргеніміз жоқ.Олар Абылай ханға қарайтындығын айтып еді, көнбедік».  Ал осы бекіністен сол жылы жіберілген мәлімдемеде: «Наурыздың 29-мен сәуірдің 5-і аралығында Пётр ағзам бекінісі маңайында тыныштық. Құлсары батырдың қазақтары Преснов бекінісінен қырға қарай көшіп кетті. Қазір қай жерде екенің білмейміз.» делінген
Абылай Қытай басшылығымен бейбіт келісімге келгеннен кейін, Ресей жағы ол қытайға кетеме деп ойлады. Сондықтан әр бір адымын бақылап, тыңшылар жіберіп отырды. 1761 жылы Абылай ордасына барып келген Ф.Гордеев П.Роденге жазған мәлімдемесінен: «…Өткен қыста Құлсары мен Құлеке батырлар Сібір шекара шебіне жақын қыстасада, жазда Ресей әскері мен қытайлар соғысады дегенді естіп, басқа малдарын бақташылар мен тастап, жылқысын алып Есілдің ішкі жағына өтіп кетті.Қазір олар ұсақ  көлдер маңайын паналап жүр. Абылай болса Калутан деген жерде көшіп жүр.Сол жылғы қарашаның 19 күні: «Абылай сұлтан ныне кочует на прежнем месте при речке Колчаклы, а Кулсары и Куляка батыры – около реки и Ишима, во близости русских крепостей» депті [44].
Қазақтардың Қытаймен жақындасып кетпеуі үшін Ресей үкіметі Абылай сұлтан мен  оның старшындарына, әсіресе ел ішінде беделі зор Құлсары батырға жақсы жағдайлар жасауға тырысты.Оны мына құжаттардан білуге болады:«Проектом командующего Сибирскими линиями генерал-майор Фон Веймарна от 22 сентября 1761г. планировалось построить силами местных воинских команд для знатных старшин, в частности Аблаю и батыру Кулсаре, дома, а для мелкого скота и лучших лошадей-крытые сараи»
Сібір әскерлерінің командирі генерал-поручик И.Шпрингердің 1764жылғы мынандай сөздер бар: «..в 1761-1764г. Султану Аблаю ежегодно только из крепости святого Петра отпускалось 212 пудов зерна, муки, хлеба, его брату Юлбарсу, батырам Кулсары и Куляке за это же время выдавалось 100 пудов год». Ресей мұрағаттарында сақталған құжаттарда Құлсары батырдың аты ең алғаш рет 1742 жылы аталды. Сол жылы ол орта жүздің бірқатар адамдарымен Ресей империясына ант беруге Ресейге кетті. Одан 4 күн бұрын ант берді.1773-1775 жылдардағы Е. Пугачёв көтерілісінде тұсында біздің аймақтағы қазақ руларының бірі көтерілісшілердің үгітіне еліктесе, екіншілері патша әкімшілігінен күдер үзбей толқуға түскен. Сол кезедегі құжаттарда Атығай руынан Құлсары батырдың Абылайдың 30 жылдан аса уақыт оның айбынды серігі болғандығы тарихтан белгілі. Бұдан оның қазақ халқына еткен еңбегі зор екенің білуге болады.
Жоғары аталған «Казахско-русские отношения в XVI-XVII веках» атты кітапта: «Абылай султан кочевье своё имеет при горе Кокше  от Петропавловской крепости в 250 верстах, а Кульсары батыр — против Петропавловской крепости десяти верстах при речке Ишим.» Құлсары батырдың әулиелік туралы  тағы деректер бар. «Кульсары пользовался особым уважением всех киргизцев и самого Аблая, киргизи считали его за святого, аулие»
Облыстық мемлекеттік мұрағатта Құлсары батыр, сондай-ақ қазақтың XVII ғасырда ғұмыр кешкен басқа да тарихи тұлғалары туралы толыққанды мәліметтер жоқ. Дегенмен де, Абылай ханның Қазақстанның солтүстігінде болуы және оған арнап Қызылжарда үй салуының тарихи деректермен дәләлдеуді қолға алған кезде облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы мен мемлекеттік мұрағаттың қызметкерлері Ресей Федерациясының Мәскеу, Омбы, Орынбор қалаларының мұрағаттарынан деректі материал іздей бастады. Сұратылып алынған құжаттар, сондай ақ, әсіресе, Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңінде жарияланған ғылыми еңбектер біздің әйгілі жерлесіміз туралы мағлұматтар жазылған.
Құлсары батыр (1715-1776 жж.) Абылай ханның серіктерінің бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Ол Қазақстанның солтүстік облысында туып,осы жерде жерленген. Құлсары батыр — Атығай руының Құдайберді атасынан тарайтын, өз кезенінде аталастары арасында зор беделге ие болған тұлға. Оның бүкіл өмірі Абылай ханмен тығыз байланысты. Ол өмір бойы Абылайдың сенімді серігі, сенімді кеңесшісі ретінде орыс үкіметімен қарым қатынастарда ханның тапсырмаларын орындап келген. XVIII ғасырдың құжаттарда Құлсары батыр аты екпінді старшын мемлекет қайраткері ретінде аталады.
Құлсары батыр көрші мелекеттермен ардағы тату қөршілік қарым қатынастарды сақтап отырған және барынша жақсартқан. Осы ретте оның есімі ең алғаш рет 1739 жылы құжаттарда аталады.Ол жылы Әбілмәмбеттің ақ киізге отырып,хан сайлану салтанатына қатысқан. 1742 жылдың тамыз айының басында Құлсары Орынбор қаласында Орта жүздің бір топ сұлтандары, батырлары және билерімен бірге орыс патшасына адалдығы туралы ант беруге қатысты. Онда: «Осыдан кейін Орынбор генерал-поручигі И.И.Неплюев мырзаның құзырында болып, мен және менімен бірге Абылай сұлтан, біз білетін түрлі жағдайлар туралы Ресей жағының басшыларына жеткізіп тұруға Орынбор қаласында ант бердік.Осыдан соң ақырында маған қызметіме орай старшын болып жазылғандығым туралы хаттама берілді» деп жазылған.
Бұдан кейінгі жылдары Абылай  Құлсары Құлеке батырмен бірге Абылай сұлтанның елшілері ретінде мемлекеттер арасындағы мәселелерді шешу үшін Ресей қалаларына неше дүркін барып тұрған. Абылай сонымен бірге осы көмекшілерін шекара әкімдерімен өзінің және Орта жүздің атығай руының атынан келіссөздер жүргізуге жолдап отырған.
Елдің шығыс өңірінде бұдан әлдеқайда күрделі жағдай қалыптасқан еді. 1756 жылы қытайлардың тарапынан олардың жоңғарларды жойып жібергеннен кейін айрықша қауіп төнді.Осылай қытайдың қисапсыз әскері қазақ даласына басып кіруге оқталды.Көптеген ру басшылары солтүстікке көшсе,Абылай хан және Қожаберген жырау, Құлсары, Құлеке батырлар дереу түрде алты мыңдық әскер жинап,жаудың күшіне қарсы шығуға кірісті.
Сөйтіп, көрегеген де сұнғыла саясаткер Құлсары батыр отыз жылдан аса уақыт бойы Қазақ хандығын нығайту,сыртқы және ішкі саясатын қалыптастыру ісіне белсене қатысып келді.Ол сондай-ақ қазақ руларының арасында бірлік пен бейбітшілік орнатуға бар жанын салып,өзінің беделімен және шешендік өнерімен ауыз-біршілікке жетісіп,қантөгістерге жол бермеген. Құлсарының тұрақты қоныстанған жері Қазақстанның солтүстік өңірі  болатын. Оның біздің жерлесіміз екендігін мына құжат айқындайды: «Абылай сұлтан Петропавл бекінісінен 250 шақырым жерде Көкшетау маның жайласа, Құлсары батыр Есіл өзенінің бойымен  он шақырым жерде қоныстанған»  Осыдан Құлсарының жайлауы Петропавлдан маныңда болғанын білеміз. Оның қонысы айтарлықтай үлкен аумақты алып жатты
Старшын Құлсары мен Құлекенің қазіргі кезде қоныстары қазіргі Есіл өзененің сыртында, Ресей мекендерінен онша қашық жер емес еді. Мәселен салт атпен жүргенде он күннен аспайды. Орыстар әкімдері қазақтардың алыс көшіп кетпеуі үшін шаралар қолданып,сонымен бірге қазақ-цин қарым-қатынастарының анық деректерін біліп отыруға тырысты. Осы ретте Абылайды үнемі көз алдарында ұстап,оның Цин жағына көшіп кетпеу үшін қолдан келгенің бәрін жасауға тырысты.Осы мақстапен олар Абылайға жылына осы мақстапен олар Абылайға жылына 300 сом, Құлсарыға 100 сом жалақы тағайындады.Кейін ақсүйектерге жылына 1000 сом бөліп отырды 
Осындай құжаттардан Құлсарының «өзіне үй салып, орыстарша тұруды қалайтыны» белгілі болды. 1762 жылы, басқаша айтқанда, әулие Петр бекінісінің құрылысы басталғанынан кейін он жыл өткен соң Құлсарының жайлауына он бес адамы бар балташылар келіп, Есіл өзенің бойында, бүгінгі Қызылжар ауданыңдағы Архангельское селосының маңында «Солтүстік  Қазақстан өңіріндегі қазақтардың орыс үлгісіндегі тұңғыш ағаш үйі» деген атаумен тарихқа енгізілген үй салынды.
Халықаралық қатынастардағы саясаткер болғандықтан, Құлсары өзі  мен Құлекені Қытай боданы еткені үшін Абылайға «реніш білдірген» екен.Құлсары сондай-ақ жергілікті орыс басшылығымен ашық хат-хабар алмасып, оларда өзінің Ресейге деген құрметін білдіріп отырған. Мәселен, 1756 жылдың 29 тамызында генерал-поручигі Тевкелевке жазған хатында «Ұлы Император патшайым құзырындағы біз, Құлсары батыр үлкен тағызыммен мен және бауырым  Байназар Һәм ұлым Құлымбек аса мейрімді патшайымға адалдық танытып, оны өле өлгенше ардақтап танытып, оны өле-өлгенше ардақтап өтетінімді білдіргім келеді. Тыныш та бейбіт тіршілік кешіп, ешқандай қақтығыс жасамайтындығыма сендіремін…» деп жазады
Құлсары батыр мынадай мазмұнындағы ренішті хат жазбаған болар еді ғой: «…Менің бауырларым Байқашы мен Есбердінің екі мың жылқысын айдап əкетті. Біздің адамдарымыз оларды қуып барып, бір мың бес жүз жылқыны қайтарып алды, ал қалған бес жүзін Петропавл бекінісіне айдап əкеткен жылқымызды қайтарып беру,біз сияқты құлдарыңызды жанын жай таптыру үшін Петропавл бекінісіне Жарлық жіберіңізші. Осы анық хатымда мен, Құлсары батыр, қара сиямен екі мөрімді бастым»  Петропавл бекінісінде сауда-саттықтың басталуы Абылай есіммен байланысты. Сауда-саттықты ұйымдастыруда Құлсары батыр да белсенділік танытты.Бұл ретте ол Әулие Петр бекінісінде неше мəрте болып,осы жағдайында келіссөздер жүргізді. Полковник Пестонның 1760 жылдың 1 сəуірінде өлке басшыларына жазған ақпарында былай делінеді: «…Осы таяудағы күндері басқа да жақсы старшындармен бірге Құлсары батыр мұнда өздерінде өндірілетін түрлі тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыру үшін келісім жасауға келді». Егер Құлсарының мəмілегер жəне мемлекет қайраткері ретіндегі рөлі неше мəрте құжаттармен дəлелденсе, оның əскери істердегі еңбегі жеткілікті айтылмайды.
Соған қарамастан,халық аңыздары мен ескі сөздерінде Құлсарының дарынды қолбасшы əрі қаһарман батыр болғандығы баяндалады. Мəселен,оның басшылығымен Қазақстанның шептерін қорғау үшін он мың адамдық жасақ құрылғаны белгілі.Ол соғыс ісінде алғыр,айлалы адам болған.Əсіресе,барлау мəселесіне айрықша көңіл бөліп,жау күштерінің саны,орналасқан жері жайлы қажетті мəліметтрді күні бұрын біліп отырған.Майдан үстінде батыл да қажырлы қимылдаған,бір өзі талай дұшпанның көзін жойған.Осының бəрі Құлсарыны батыр екендігін дәлелдейді.
Құлсары батыр ру басы ғана емес сонымен қатар ол емші, әулие, көріпкел болды. Бұл қасиеттер оған 13 жасында дарыған дейді халық аңыздары. Оның бұл қасиеттеріне дәлел орыс құжаттары дәлел.Құлсарының әулиелік және көріпкелдік қасиеті бар. Осы құжаттардағы Құлсары есімінің алдындағы анықтауыш сөздерге кей жерлерде «батыр», «старшин» деген сөздермен қатар, «ясновидец», «предсказатель», «лекарь» деп жазылған.Бұл «Құлсарының өз уақытында аса беделді адамдардың бірі болғандығын және оны басқа да халық өкілдері құрметтейтінін көрсетеді.Негізі ол науқастарды тұзбен емдеген. Бұған тура дәлел. Құлсарыға әулиелік,емшілік қасиет он үш жасында қонса керек. Ол науқастарды тұзбен сипап, ем жасапты және болашақты болжап, елге ескертіп отырады екен. Шамасы 12-13 жасында ауылдасы Қожан деген құрбысымен оңтүстікке келген саудагерлер керуеніне түйе жетектеуші болып, Тараз жаққа барса керек. Онда жылдан аса жүріп келген соң ауылында әулиелік қасиеті біліне бастайды.
Құлсары жігіт кезінде Есіл бойын жаулап алмақ  болған қалмақтарға қарсы қол жиып, жерлестері Құлеке, Жанатай, Маңыбай батырлармен Абылай ханның Абылай ханның басқаруымен қалмақтарды қырады. Бұл шайқасты С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасында суреттелген.
Құлсары әулие, шөбересі Ізбасардан (Басардан) әулие шарапатты ер бала туады, ол баланың есімін Қиықсары қойыңдар деген екен. Айтқандай, Ізбасардың әйелі ұл туады және оның есімін Қиықсары қояды. Қиықсары сегіз жасында Есілге суға кетеді. Баланы судан алып шыққанда бір сәт уақыт өтсе де, бала тірі және оң қолында бір уыс тұз уыстап шығады.
Қиықсарының да әулиелік,емшілік қасиеті 13 жасында айқын біліне бастайды. Бұл әулие де тұзбен ем салады екен. Қиық сарының көрегендігі туралы аңыз-әңгімелер баршылық. Әулиенің немереі Байтоқ үйленгеннен кейін үш жылдай перзент болмай жүреді. Бірде бұл жағдайды сезген әулие : «Келінім уаймдамасын, екі ұлды болады,үлкенінің есімі –Молданазар, екіншісінің есімі Шілденазар болсын» -депті. Айтқандай солай болады
Жақып қажының айтуы бойынша Құлсары әулие жаман аурумен ауырады (шамасы сол кездегі қазақ жеріне келген бір індет болуы мүмкін). Құлсары әулие індеттен жазылмасын және қай күні о дүниелік боларын да білген. Туыстарына мынадай өсиет арнаған. «Мен қайтқаннан кейін ақ киізге орап, желмаяма теңдеп байлаңыздар да, оны тұрғызып жіберіңіздер. Желмая қай жерге шөксе, мені сол жерге жерлеңіздер. Желмая Жалғызтау манайында бір дөңнің басына шөгеді. Батыр әулие сол жерге қойылыпты және қабірін қазғанда үлкен тас шығыпты, сол тасты белгі ретінде басына қойыпты, мұны да әулие айтып кетіпті дейді. Құлсары батыр  — әулиенің қабіріне зиярат етіп, аур –сырқауынан айыққандар болды, әлі де әулиенің шапағатына сеніп, тәу етушілердің легі толастар емес.
Құлсарыны Абылай да, өзге адамдар да аса құрмет тұтқан. Оның көріпкелдігі болған, төнген қауіп-қатерді күні бұрын болжай білген. Олардың алдын алып отырған және сырқаттарды індеттен айықтыра алған.
Бүгінгі Есіл ауданындағы Бұлақ ауылынан жеті шақырым жерде Құлсары әулиенің қорымы бар. 1958 жылы батырдың алтыншы ұрпағы Қалиасқар Рақымов осында құлыптас қойып, темір қоршау орнатқан. Кейінгі жылдары Құлсары әулиенің қорымына тәу етіп,ауру-сырқатынан емделуге жер-жерден келушілер көп-ақ. Қашанда көне тарихымыз туралы айтылған оқиғаны мұрағат деректерімен шындығын анықтап, мұражай деректерін куәлік етіп «Құлсары батыр» – мақтан тұтар лайықты тұлға. Расын айту керек, егер де орыс мемлекетінің мұрағаттары болмаса, қазақ тарихының біраз беттері жазылмай қалар еді. Оған дәлел, Құлсары бабамыз туралы қолда бар барлық деректер орыс мұрағаттарынан алынды. Орыс мұрағаты құжаттары бойынша жазылған кітабында Құлсары бабамыздың есімі отыз шақты құжатта кездеседі.
Орыс мұрағаты осылай деп жатса, мұрағаты жоқ қазақтар да Құлсарының әулиелігі ауыздан-ауызға айтылып, сондағы аңыз-әңгімелер бізге жетті. Құлсары батыр сынды айбынды, ақылман ел ағысын ұрпақтары мақтан тұтады. 2011 жылы қыркүйек айында ашылған әулие басына салынған сәулеттік мазарын Берік Файзоллаұлы Мұқышев, Абілмажінов Марат Мұқанұлы, Омаров Асқар Айсаұлы және Рахимов Мағжан Қалиасқарұлының ұрпақтарының қолдауымен салынды. 
Осы орайда рақым ұрпағы Құлсарыдан тарайтынын білдік. Біздің бергі атамыз Рақым Исаұлы қазіргі Аққайың ауданындағы (бұрын Бейнетқор атлаған) «Ленин» кеңшарының №8 трактор бригадасы орналасқан тұсында Дайындық ауылының маңында жерленген. Ол Қарашірік ауылында ғұмыр кешкен. Рақымнан үш ер бала, бір қыз туған. Үлкені Қалиакпар 1900 жылы дүниеге келіпті. Алайда 1942 жылдың күзінде жиын-терін жұмыстары аяқталған кезде оны майданға алып кетті. Сол кеткеннен оралмады, артында ұрпағыда қалмады. Атамыз –Рақымның екінші баласы. Қалиасқар 1902 жылы туыпты. Одан қарындасым Бағдат және менің ұрпағым тарайды –дейді Рахимов Мағжан Қалиасқарұлы.
Мағжан Рахимов Қызылжар ауданының құрметті азаматы Көп жылдар ізденудің арқасында табылған деректер бойынша «Құлсары» атты кітап жазған. Мен осы кітапты құрсатырушы ретінде қазақ елінің тұтастығы, ұлттық бірлігі жолында еңбек еткен еңселі батырдың, сардардың, саясаткердің тұлғасын танытуға тырыстым. Сонымен бірге кітапқа Құлсары әулетінің шежіресі енгізілді және батырды мәңгі есте қалдыру жөнінде қосымша мәлімет береді.
   Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Тәуелсіздік үшін күрескен тарихи тұлғалардың өміріне тағзым болашақ үшін қажет» — деп атап өткен. Қорыта келе, болашақта Құлсары Бөріұлы сынды ұлы бабамыз жайлы мағлұматтарды терең зерттеу қажет.

  • Егер сенің көңіл-күйің жақсы болса, оң қолыңды көтер!
  • Егер сен өз еліңнің патриотымын десең, сол қолыңды көтер!
  • Егер сен бүгінгі күн сәтті өтсің десең, екі қолыңды қосып шапалақта!

«Сөйлемді жалғастыр»

  • Батыр — …
  • Қазақ жерінен алғашқы шыққан батырлар: …

Топтық жұмыс

1-тапсырма: «Ақпараттар сөйлейді» әдісі

1-топ:Батырдың өмірбаяны
2-топ:Батырдың қасиеттері
3-топ:Батырдың ерліктері

Жеке жұмыс:

2-тапсырма 

  • Құлсары батырдың тұлғалық қасиеттерін кестені толтырып, бағалаңыз
  • Дескриптор:
    1. Батырдың 3 тұлғалық қасиетін бағалайды;
    2. Батырдың 3 жасаған ерлігіне баға береді.
Құлсары батыр:
Тұлғалық қасиеттері1.
2.
3.
Ерліктері:1.
2.
3.

«Веер» әдісі

Бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.